Цоизит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:41, 2015 ж. ақпанның 25 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox mineral

<references>http://commons.wikimedia.org/wiki/</references> (Австрия ғалымы және жазушысы З.Цоиздың құрметіне аталған) — оқшауланған силикаттар тобына жататын минерал. Оның түр өзгерістеріне: тулит, аниолит, танзанит жатады. Хим. формуласы: Ca2Al6(OH)2O3[Sі2O7], қоспалары: Fe, Mn. Ромбылық сингонияда кристалданып, кристалдары бағана тәрізді және агрегаттары түйіршік, инеге ұқсас немесе күрделі пішінді болып келеді. Түсінің күлгін көгілдір, сары, қызғылт, сары жасыл, т.б. әр түрлі болуы металл иондарының [V3+ — көгілдір (танзанит),Cr3+ — жасыл (аниолит), Mn3+ — қызғылт (тулит)] қатысуына байланысты.<ref>О. Бейсеев</ref> Қатт. Моос шкаласы бойынша 6,5 — 7,0, тығызд. 3,15 — 3,38 г/см3; жіктілігі бір бағытта жетілген, әйнекше жарқырайды. Табиғатта негізді тау жыныстары габброамфиболиттердің метаморфтануға ұшыраған түрлерінде, гнейстерде, эклогиттерде кездеседі. Кен орындары Танзанияда, Норвегияда, Гренландияда, АҚШ-та, Мексикада, т.б. бар. Қазақстанның метасоматиттік (габброамфиболит тау жыныстарының өзгеруінен) және амфиболцоизиттік тау жыныстары құрамында (ұлытауит) кездеседі. Ц. зергерлік және қаптауыш тастар өндірісінде қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub