Хараппа дәуірінің өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:31, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Хараппа дәуірінің өнері Үндістан территориясында табылған өнер туындылары деп атауға болатын көне археологиялық олжалардың бәрі де негізінен алғанда ежелгі цивилизацияның алдыңғы сатысы іспетті немесе соған бағыттар баспалдақ боп табылатын дәуірге жатады. Бұдаң, бұрын айтылғанындай, бұл Үндістандағы ежелгі шығыс үлгісіндегі қоғамдық формация еді: бұл формация тіпті біздің дәуірімізге дейінгі III мыңжылдыққа жатады деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі кезде Пәкістан мен Үндістанның өзара шекарасы өтетін солтүстік-батыс жарты аралында, одан әрі батысқа қарай Иран мен Ауғанстанның олармен көршілес аудандарында жүргізілген соңғы ондаған жылдардағы археологиялық қазбалар кезінде біздің дәуірімізге дейінгі XXVIII-XXIII ғасырларда қалалық мәдениет таңғаларлық дәрежеде дамыған (біздің дәуірімізге дейінгі XXV—XXII ғасырлар, кейбір елді мекендер XX—XIX ғасырлар; бұл мәдениеттің құлдырауы XVII—XV ғасырларға жатады) көне отырықшы-диқаншылық елді мекендер көптеп табылды. Бұл мәдениет аумағы бірте-бірте шығысқа қарай жылжи береді, дәлірегі, археологиялық олжалардың ең көп жері қазіргі Пәкістан мен Солтүстік-Батыс Үндістанда, Раджастхан мен Пенджаб облыстарында; шығысқа қарай бұл мәдениет Делиге дейін, оңтүстікке қарай Аравия теңізі жағалауларына дейін (Бомбейден шамалы солтүстікке қарай) созылып жатыр. Бұл территория Оңтүстік Месопотамия мен Ежелгі Мысыр (дамудың бұл дәрежесіне біраз бұрын жеткен жерлер) аумағынан да асып түседі.

Дамудың жалпы жүйесінде Үндістан мәдениетінің бұл сатысын археологиялық ізденістер анықтап бергеніндей, ертедегі таптық қоғам туу дәуіріне жатқызуға болады. Қазіргі Пәкістанда жүргізілген қазба жұмыстарының маңызды орындарына қарап. ежелгі цивилизацияның үнділік вариантын әдетте Хараппа мәдениеті немесе Мохенджо-Даро мәдениеті деп атайды. Алайда, оның бұлардан басқа да аттары, мәселен, ерте үнді цивилизациясы немесе инд цивилизациясы деген аттары да бар. Бұл жерлерді мекендеген халықтың атын және олардың қалаларының ертедегі шын атауларын біз қолда бар жазбаларды оқуға мүмкіндік алмайынша немесе ол тұстардан кейінірек кезде жазылған әлдебір хабарлар табылмайынша біле де алмаймыз. Ұзақ уакыт ұмыт калған Хараппа мәдениеті біздің ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарында жер қабаттарынан шын мағынасында суырып алынды десе де болғандай. Мұның өзі ғалымдар үшін мейлінше күтпеген оқиға болып шықты, өйткені оған дейін үнді мәдениетінің басталуы Үндістанға «арийлер» келуімен (б. д. д. II—I мыңжылдықтар , аралығы) байланыстырылып, ал үнді өнерінің бастауы біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға телінетін.

Инд жағалауындағы Мохенджо-Даро мен Рави жағалауындағьг Хараппа археологтар қазып алған қалалар ішіндегі ең ірілері болып саналады. Бірақ айтуға тұрарлық бұдан басқа да бірқатар қалалар бар. Біздің ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарынан бастап, мәселен, қазіргі Пәкістандағы Чанху-Даро мен Кот-Диджиде, сол сияқты Лотхал мен Калибанганда аса ірі қазба жұмыстары жүргізілді. Қазіргі Үндістанның басқа да қалалары мен өңірлерінен сол кезеңнің көптеген өте ұсақ елді мекендері қазылып алынды. Бұл тәрізді кеңбайтақ кеңістіктен табылған археологиялық олжалардың біршама біртектілігі, бір-бірінен айырмашылығы көбіне тек жалпы нобайы және астық қоймалары, айлақтары, шеберхана, сауықтыру орындары т.б. сияқты ғимарат-құрылыстары орналасуында ғана, ұқыпты жобаланған ірі қалалардың болуы — осының бәрі олардағы саяси және қоғамдық өмірдің белгілі бір ортақ болмыс сипатын алдымызға тартады, ал мұның өзі Хараппа мемлекеті жайлы әңгіме қозғауға жан-жақты мүмкіндік береді. Мұндай қорытындыға келуге екі үлкен орталықтың — Хараппа мен Мохенджо- Даро қалаларының іргелері қорғандалып, бөлек-бөлек салынған кисапсыз түрғын үйлердің және кейінгі кезде эр түрлі қоғамдық ғимараттардың көптеп табылуы көмектесіп отыр. Оның үстіне табылған жазбалар тілін білместен-ақ, оларды түсініп оқып көрместен-ақ, сол жазбалар сақталғандығының өзіне қарап-ақ Хараппа дәуірінде мемлекет өмір сүргендігі туралы тұжырымды әбден дәлелді деп есептеуге болады.

Күйдірілген балшықтан жасалған ұсақ мүсін немесе өрнекті қыш бұйымдар сияқты өнердің шағын түрлері Хараппа мәдениет дамуының ертедегі егіншілік сатысының өзінде-ақ (б. д. д. XXVIII—XXIII ғасырлар) болғанын айғақтайды. Қалаларда бұлардан басқа тас пен қоладан жасалған шағын мүсіндер, сол сияқты өрнектеп оюланған аса көркем көптеген мөрлер табылды. Мұның бәрі де Хараппа өнерін ертедегі үнді өнері дамуы барысындағы ерекше кезең ретінде әңгімелеуге мүмкіндік береді.

Кейбір археологтар Хараппа мәдениетін тым рационалды, қарабайыр көріністер дейтін мейлінше әділетсіз ұғымға беріліп, табылған бүкіл олжаларға — сәулет құрылыстары қалдықтарына, ұсақ пластикаға, ыдыстар мен оймышты мөрлерге тек қана өмірде тұтынушылық тұрғысынан, белгілі бір тарихи куәліктер ретінде қарап келеді. Өкінішке орай, бұл мәселеде олардың өздері шектен тыс қарабайырлық, дәрменсіздік танытып, бұл археологиялық олжалардан кең мағынасындағы өнер шындығын көру үшін және бұл табылған үлгілерге қарап бүгінгі күнге дейін сақталмаған, сұрықсыз, табиғат зардабынан қирап-бүлінген туындыларды бағалау үшін ешқандай қиял өрісіне жол бермей, өз ғылымдарының өресіз қатаң талаптары ауқымында қалып қойған. Егер де кескіндеме іздері жер қойнауынан қазылып алынған кірпіш қабырғалар қалдықтарынан емес, қыш ыдыстардан ғана табылған болса, оған қарап Хараппа дәуірінің адамдары ешқандай бұлдыр-бедерсіз жалаңаш тұт қабырғалармен ғана шектелген деп ойлауға әсте болмайды. Көп жағдайлар бұған мүлде керісінше жайды дәлелдейді. Хараппа дәуіріндегі ыдыстарды әшекейлеген бейнелер кең жазықтықтардағы, айталық, қабырғалардағы аумақты бейнелер көшірмесі екенін ескермесек, олардьі түсіндірудің өзі де қиынға түсер еді: ыдыстардың дөңес бүйірлерінен гөрі қабырғалардың жазира кеңістігіне дәлірек келетін кейбір әшекейлер (мәселен, қиылысқан шеңберлер) мен ою-өрнектер туралы да солай деуге болады. Қалай болған күнде де оймышты мөрлер мен өрнекті құмыраның болуының өзі-ақ көне Хараппа тұрғындарының сәндік-бейнелеу өнеріне деген бейімділігін айғақтай түседі. Оның үстіне бұл заттарды мұқият қарап көргенде олардың арасынан өзіндік көркемдік жүйесін қалтқысыз дәлелдейтін, тек қана ертедегі үнді өнеріне тән және оны уақыт жөнінен өзіне жақын Алғы Шығыс мәдениеті өнерінен (салыстырылатын ескерткіштердің саны мен шамасына қарамастан) ерекшелей түсетін белгілері бар шағын-шағын шын мәнісіндегі үздік маржандарды ұшыратамыз.

Мөрлердегі жануарлар пішіндеріне — буйволдардың, мүйіз тұмсықтардың, жолбарыстар мен пілдердің сұлбасына қарап қаз қалпында түсірілген натурализмді көреміз. Сонымен бірге кейде жануарлардың табиғи кейіптерін жинақтап көрсететін, кей жағдайда абстракті-геометриялық формалар түріндегі ашамайларды, қосарлы ашамайларды дөңгелектер мен шоғырланған шеңберлер т.б. нұсқаларын пайдаланатын символдық бейнелеулерге бейімділік те байқалады. Адамдардың, өкінішке орай, біздерге болмашы мөлшерде келіп жеткен пластикалық бейнелерінде де (тас, қола, күйдірген саз-терракота) сондай бағыт байқалады: айталық, үстіңгі жағы әбден айқын үлгіленген адам бейнелерімен қатар абстрактілі сұлбаланған бейнелерді де табуға болады. Бұған мөрлердегі жануарлар бейнелері, биші әйелдің қола келбеті, Мохенджо-Дароның ерекше әшекейлі киімді, ер адамының тас мүсіні жұрнағы, Хараппадан табылған еркектің тас кеудесі, сол сияқты күйдірген саз-терракотадан жасалған кішкентай мүсіншелер мысал бола алады.

Хараппадан табылған тас кеуде иықтарында қолдарды бекіту үшін әдейілеп жасалған тесік-ойықтар бар. Бір таңғаларлық өзгешелігі — бұл ойықтар қос-қостан. Сірә, олар әр иыққа екі-екіден қол орнату үшін жасалған болса керек. Бұл орайда мына жайды айта кеткен жөн: үнді өнерінің одан әрі даму кезеңінде алғашында әр болмысты сол қалпында бейнелеуге тырысқан табиғи формаларды әсірелеп, өзгертіп қөрсетуге деген өзіндік бір ұмтылыс байқалғандай. Осы бағыт көп кейінгі үнді өнерінде көптеген бастары, қолдары мен аяқтары бар құбыжық құдайлар бейнелерін жасауға, ал композициялық жағынан жекелеген бейнелерді тұтас бір топтарға айналдырып, ырғақтық, сәндік сипат дарытуға алып келген.

Хараппа дәуірінде бұлай дамудың әзірге тек алғышарттары ғана болды, бірақ қолда бар үлгілер осы кезде үнді өнерінің жекелеген белгілерінің негізі қаланғанын жәңе осының өзімен Хараппа дәуірінің өнері кейбіреулер есептегендей, Үндістан жерінде кездейсоқ табылған және өзіндік сыпаты жағынан ортақ ешқандай да белгілері жоқ дейтіндей емес, оның құрамдас бөлігі болғанын айғақтайды дей аламыз. Әйел мүсінін ерекшелей көрсету, аң түрлерін таңдап алу, белгілі бір «оқылатын» сюжеттер, мысалға Мохенджо-Дародан табылран «Прото-Шива» бейнелі Тәңір нышаны — бәрі-бәрі уақыт қашықтығына және ең алдымен арийлер басқыншылығы салдарынан кейінгі Дәуірлерден оқшауланып қалғандығьіна қарамастан, Хараппа дәуірінің өнері Үндістан көркемөнерінің одан әрі дамуымен тығыз байланыста екенін айқын көрсетеді.

Егерде ғылыми анықтамасы демейақ, үнді өнерін түсінуді және өзгелерден айырмашылығын ұғынуды жеңілдету мақсатында ғана оның ортақ бір формуласын шығару керек болса, онда бұл жерде негізгі көркемдік принцип ретінде «өсірінді форма» туралы айтқан жөн болар еді. (Бұл мысыр өнеріне тән делінетін «текшелік форма» немесе көне Месопотамия өнеріне тән «цилиндрлік форма» секілді мағынада алынып отыр.) «Өсірінді форма» ұғымына бейнелеудің көрермен сезіміне, түйсігіне тікелей үстемелей әсер дарытатын, қозғау салу, дамыту, байыту сияқты сезімталдық элементтері жатады. Үнді пластикасын көзбен көріп қоймай, қолмен ұстап көргің келіп тұрады. Ол біржола біткен дүние емес, өзімен-өзі шектелу де емес, сонысының өзімен көрерменді бейжай қалдырмайды. Оның үстіне Үндістанда өнердің басқа түрлеріне қарағанда мүсін өнері жетекші роль атқаратындығын ұмытпаған жөн. Хараппа дәуіріндегі көркемдік құбылысты талдап-ұғыну үшін үлгімысал ретінде қолөнер туындыларын ғана емес, қаланы жоспарлау ісін де өз алдына қарастыруға болар еді. Күйдірілмеген кірпіштен салынған жекелеген ғимараттарды, шынын айтсақ, іргетастары арқылы ғана жобалап шамалауға болады. Алайда, үлкен қаланы жоспарлау ісі әр кезеңнің көркемдік бағытын, деңгейін көрсететінін мойындайтын болсақ, Үндістанның солтүсік-батысындағы инд мәдениетіне жататын қалалар осынау көне мәдениеттің айтулы жетістіктері екендігі дау туғызбайды. Бұл жайды, ең алдымен, олардың орналасу принципі — тұрмысқа барынша жайлылығы, кеңістік аясы жан-жақты ойластырылған ой еркіндігі айқын дәлелдейді. Мұның өзі Хараппа дәуіріндегі қалаларды ежелгі және кейінгі бой көтерген қалалардан ерекшелендіре түседі. Билеуші қала тұрғындары құдіреттілігін көрсететін құрылыстар батыс жаққа, мықты қорған ішіне аласа дөңеске салынған да, ал қаланың сол кездердегі көлемімен салыстырғанда мейлінше аумақтылығымен таңдандыратын негізгі тұрғын бөлігі қорғаннан бөлек, шығысқа қарай, дәл сондай жазықтау дөңеске орналасқан. Бұл қалалардың көзге ұратын мынадай бір ерекшелігі бар: бірінші, діни бағытта пайдаланылған дейтіндей ғибадатханалар мен діни ғимараттардың болмауы және екінші жағынан да қорған ішінен табылған қоғамдық құрылыстардың қай-қайсысы да діни рәсімдерге арналмағандығын айғақтай түсетіні. Бұған Мохенджо-Даро мен Хараппадағы зор астық қоймалары, сол сияқты Лотхал өзен портындағы кеме жөндейтін әжептәуір көрнекі құрылыс — док мысал бола алады. Мохенджо-Даро қамалы ішіндегі суға шомылатын әйгілі орындар, әрине, діни мақсатқа да қызмет етуі мүмкін. Әйтсе де, шомылатын орын ретінде салынған осы құрылыстардың өзін де көпшілікке арналран ғимарат деп қарауға әбден болады, өйткені бұл жерлерде, соншалық аумақтылығы демесеңіз, қалалардың тұрғын бөлігіне тән көптеген үлкен үйлердегі тұрмыстық тазалық үшін қажетті қолайлы жағдайдың бәрі орын алған. Қалай болған күнде де, бұдан көп кейініректегі Үндістанда суға жуыну діни рәсімге айналғаны сөзсіз, ал бұдан шығатын қорытынды — денені таза ұстаудың өзі де діни мағына алып, ол көне заманның да өзіндік бір әдет-ғұрпы саналуы мүмкін. Техникалық жағынан әбден жетілген бұл ғимараттарды жоспарлау ұқыптылығы, тұп-тұзу еңселі, кең құлашты өрістілік құрылыс өнері жоғары дәрежеде дамығандығын дәлелдейді. Мәселен, кірпішті құю пропорциясының, шамасының қалтқысыз сақталуы. Мұның бәрі — жекелеген жетістіктер емес, әлеуметтік мәні терең жалпы көркем мәдениеттің белгілі бір деңгейінің көрсеткіші.

Ғибадатханалар жоқтығы сияқты назар аударуға әбден тұрарлық бұл қалалардың және бір ерекшелігі — оларда сарайлардың немесе әміршілер мекенжайындай басқа да құрылыстардың болмауы. Ал шынында, құдайлар мен әміршілер тұрағы — ғибадатхана мен Хараппаның синхронды мәдениеті тәрізді ұлы цивилизацияларға тән көне шығыс мәдениетінің мейлінше мәнді белгілерінің бірі болып табылады. Осыдан барып: мұнда, Үндістанда материалдық және әлеуметтік жағынан дәрежелері бірдей және өздерін билеуші топ есептеген қала тұрғындарының елеулі елді мекені болған-ау, оларға бағынышты еңбекші халық — жер өңдеуші диқан-шаруалар қаладан тысқары жұпынылау, нашар мекенжайларда тұрып, ал қала тұрғындарына тәуелді тағы бір топ (бұлар құлдар болуы да мүмкін) қаланың өз ішіндегі қара жұмыстарды атқарып отырған-ау деген ой келеді. Археологиялық олжалар Хараппа байлығы қайдан алынғанын түрлептүсіндіріп береді. Қызу дамыған сауда-саттық арқасында Алғы Шығыс аудандарымен- Персия шығанағы жағалауларына орналасқан шумераккад қалаларымен, мемлекеттерімен Инд қаласының арасында тығыз байланыс орнаған, ал біздің дәуірімізге дейінгі III мыңжылдықтар тұсында бұл саудасаттық ісінде шетке мақта шығару шешуші роль атқарған.

Артқы жағында тұқыл тұтқасы бар шаршы нұсқалы мыңдаған мөрлер — Хараппа дәуірінен бізге келіп жеткен көркемөнердің ең қымбат бағалы үлгілері болып саналады. Бұлар — бет жағы оймышталып, көбіне үстіне жазулар қондырылған және тиісті материалға басқанда қайырып бетіне бедерін түсіретін мөр штемпельдер. Бұл мөрлердің көлем-қалпы екі жарым сантиметр шамасында, материалы — әдеттегідей, стеатит. Сірә, бұл мөрлерге сілті жағылып, күйдірілгеннен кейін үсті ағарып, тастың мықтылығы арта түсетін болса керек.

Әр түрлі жануарлар бейнесі салынған бір текті және бір-біріне ұқсас көптеген мөрлер тобы бар. Олардың арасында жиі көзге түсетіні «сыңар мүйіз» болып келеді, ал «шолақ мүйізді» үнді бизоны мен үнді зебуі сиректеу кезігеді, буйвол, піл, мүйізтұмсық, жолбарыс болса тым некен-саяқ ұшырасады. Арыстан мен жылқының, сол сияқты қазіргі кезде бұл жерлерде кең тараған жануар — түйенің бейнелері мүлде кездеспейді.

Тұтас көріністер бейнеленген жекелеген мөрлер ерекше назар аудартады. Олардың кейбіреулерінде (мұнда Да белгілі бір топтар жайлы әңгіме етуге болар) оқиға орталығында жолбарыс немесе. жолбарыс тәрізді мақұлық бейнеленген. Әзірге Хараппа дәуіріндегі жазба ескерткіштер кілті табылмай келе жатқандықтан, мұндай көріністер сол кездегі сөз өнері туындыларын жаңғыртудың бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Совет және фин ғалымдарының мөрлердегі қысқа жазуларды айырып оқымақ болған көптеген талпыныстары мен бұл жолдағы азды-көпті табыстарына қарамастан, осы күнге дейін жаппай мойындалып, дәл айқындалған түсініктер болмай отыр.

Бұл ретте сол дәуірдің ең үлкен қаласы Мохенджо-Дароның өзі де іргетасына дейін толық қазылмағанын, сондықтан, да оның төменгі қабаттарын жан-жақты терең зерттеуге мүмкін болмай отырғанын еске ала кеткен жөн.

Үндістандағы осы ғалфйып көне қала мәдениетінің құлдырау себептері туралы нақты деректер әлі күнге табыамай отыр. Қала ирандық тайпалай шабуылынан күйреді ме екен? Бірақ қорғаныс қызметі сілемдерінің байқалмауы бұл ойымызды тұйыққа тірейді: табылған қарулар саны өте аз да және инд қалаларының өмірлік бүкіл салты, керісінше, бейбіт әсер қалдырадыз. Бұл үлкен қалалардың апатқа ұшырау себебі әлде қала халқын олардан қашып шығуға мәжбүр еткен кездейсоқ апаттарда жатыр ма екен?

Анық белгілі бір жай — Хараппа мәдениеті құлдырауынан кейін (тікелей соған байланысты және тіпті соның құлдырауының себебі болды деген пікір де бар) Үндістанға өздерін '«арийлерміз» деп атаған ежелгі тайпалардың басып кіргені. Олар бізге жеткен инд мәдениетіне керісінше, басқа мәдениетті, ауыз әдебиетінің кейіннен жазылып алынған нұсқаларын — ведий мәдениетін ұстанды. Бұл ескерткіштердің тілі — классикалық санскриттің негізін салушы «ведий санскриті». Археологтар ведий мәдениетін Хараппа дәуірінен кейінгі әлдебір инд мәдениетімен (ол мәдениеттерден бізге тек керамика келіп жетті, кейде оларды соның атымец де атайды) байланыстыруға әрекет жасап-ақ бақты. Мәселен, ведий мәдениетін ұстанушыларды тағы да сол Хараппадан, бірақ көп кейінғі/ археологиялық қабаттардан табылған және Хараппа дәуіріндегі керамикадан басқашалау керамиканы жасаушыларға әкеп таңады. Археологтар қазіргі кезде арийлер мен сұрғылт өрнекті керамика мәдениеті дейтінді жасаушылар арасындағы байланысты анықтауға әрекет жасауда. Өйткені бұл керамика табылған жерлер Солтүстік Үндістанның, сол ведтер өздері көрсеткеніндей, келімсектер тұрған ауданды қамтиды. Бірақ та олардың өзара байланысы туралы кесімді түрде айтуға бола қоймас. Ведий жазбаларының ең көне нұсқасы — Ригведа жылнамасы Үндістанға басып кірген бұл тайпалардың әуел баста көшпенді мал өсірушілер болғанын, осы елдің ежелгі халқымен қаны-жаны әбден сіңісіп кеткен соң барып отырықшы өмір салтына көшкенін дәлелдейді.<ref> Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия өнері.— Алматы: Өнер, 1990. ISBN 5-89840-221-7 </ref>  

Дереккөздер

<references/>   {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}