Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күніқазанның 13 аталады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы, 1989 жылы № 44/236 қарарында «Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі онжылдық» жариялап, қазанның екінші сәрсенбісін Халықаралық табиғи апаттар қаупін азайту күні деп белгіледі және оны 1990-1999 жылдары жыл сайын атап өтуге қаулы етті.

2001 жылы Бас Ассамблея өзінің 56/195 қарарында табиғи апаттардың алдын алуды, оның зардаптарын жеңілдету мен оған дайын болуды қамтамасыз етуді қоса ескергенде, табиғи апаттар қаупін азайту мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесетін құралдардың бірі деп есептей отыра, осы күнді жыл сайын атап өтуге қаулы шығарды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}