Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Халхин гол шайқасы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Халхин-Гол Шайқасы (Үлгі:Lang-mn; Үлгі:Lang-ja; Ромадзи Nomon-Han Jiken; Үлгі:Lang-ru; Үлгі:Lang-zh пінин Nuò mén kǎn shìjiàn) — Моңғолия мен Қытай жеріндегі Халхын-Гол өзені аумағында болған кеңес-жапон қарулы қақтығысы (1939 ж. мамыр — қыркүйек). Жапон әскерлері 1939 ж. 11 мамырда Моңғолия аумағына баса көктеп кіріп, моңғол шекарашыларын Халхын-Гол өз-не қарай шегіндірді. Кеңес өкіметі өзара көмек шарты негізінде моңғол жеріндегі өз әскерлеріне Моңғолияны қорғауға бұйрық берді. Кеңес әскерлері 29 мамырда жапон әскерлерін шекараға дейін қуды. 2 шілдеде жапон әскерлері (38 мың адам, 310 зеңбірек, 135 танк, 225 ұшақ) Моңғолия аумағына тағы баса көктеп, өзеннің оң жағалауындағы плацдармды басып алуға тырысты. Жапон басшылығы кеңес-моңғол әскерлерінің тобын (12,5 мың адам, 109 зеңбірек, 186 танк, 266 сауытты машина, 82 ұшақ) жойып жіберуді көздеді. Үш күндік ұрыстан кейін жапондар Халхын-Голдың шығыс жағалауына қайтарылды. Тамызда жапонның 6-армиясы (75 мың адам, 500 зеңбірек, 182 танк, 300 ұшақтың қолдауымен) Халхын-Голге түсірілді. 20 тамызда 1-армиялық топқа біріктірілген кеңес-моңғол әскерлері Г.К. Жуковтың басшылығымен (57 мың адам, 542 зеңбірек пен миномет, 498 танк, 385 сауытты машина, 515 ұшақтың қолдауымен) қарсы шабуылға шығып, сәтті маневр арқасында жауды қоршауға алып, айдың соңында талқандады. Әуедегі ұрыс 15 қыркүйекке дейін созылды. Ұрыс қимылдары 16 қыркүйекте Жапонияның ұсынысы бойынша тоқтатылды. Осы шайқастан кейін Жапония үкіметі КСРО мен Моңғолияға шабуыл жасаудан бас тартуға мәжбүр болды. Халқын-Гол Шайқасы-ндағы ерлігі үшін 24 әскери бөлім мен құрама Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 17121 адам орден, медальдармен марапатталды. 70 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сурет:Khalkhin Gol Soviet offensive 1939.jpg
Қызыл әскерi шабуылы. Халхин-Гол, тамыз, 1939 жыл

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}