Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиев (27.12.1928, Атырау қаласы – 26.4.2003, Алматы) – тау-кен инженері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1972).

Өзен, Жетібай, Теңге, Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен көзінің із ашары. Маңғышылықты игеруді ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1952). 1952 – 56 жылдары Даңғар мұнай барлау бөлімшесінде бұрғышы, аға инженер, 1956 – 59 жылы Мақат бұрғылау мекемесінің бас инженері, 1959 – 78 жылдары “Маңғыстаумұнайгазбарлау” тресінің бастығы, 1978 – 91 жылдары Қазақ КСР-і Геология министрінің орынбасары.

Өзбекғалиев Оңтүстік Маңғыстау мұнай, газ кеніштерін ашып, Өзен, Жетібай кен орындарын барлаудағы елеулі еңбегі үшін Лениндік сыйлығын алған (1966), Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. “Құрметті жер қойнауын барлаушы” атағы берілген (1988).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}