Хады-ваң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:48, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

ХАДЫ-ВАҢ, Қадиша Мамырбекқызы (1893/1900, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Толы ауд. — 1963, Үрімжі қ.) — қоғам қайраткері, Қытай қоғамдық қауіпсіздік әскерінің ген.-майоры. Шыңжаңдағы Алтай аймағы қазақтарының билеушісі болған Әлен Жеңісханұлының әйелі. Жас кезінде мұсылманша білім алған. 1933 жылдан бастап әлеум. оқу-ағарту істеріне белсене араласты. Қоғамдық істерге белсенді араласқаны үшін 1942 ж. Шыңжаң өлкелік үкіметі оны отбасымен Үрімжіге жер аударып, күйеуімен бірге түрмеге қамады. Екі жылдан соң оны түрмеден босатып, Үрімжі аймағындағы қазақтардың арасына елді Үш аймақ төңкерісін қолдамауға үгіт-насихат жүргізуге жіберді. 1946 ж. Шыңжаң өлкелік коалиц. үкіметі құрылғанда Үрімжі қала-аймағының уәлиі (әкімі), ген.-м. дәрежесіндегі аймақтық қоғамдық қауіпсіздік әскерінің басшысы, Гоминьдан партиясының депутаты болды. 1949 ж. Гоминьдан шенеуніктерімен бірге Қытай Компартиясы жағына шықты. 1951 ж. барлық қызметтерінен босатылып, зейнетке жіберілді.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}