Френулаталар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:04, 2011 ж. тамыздың 24 кезіндегі Nick jan (Талқылауы) істеген түзету

Френулаталар (Frenulata)погонофоралар типінің бір класы. Мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді. Денесінің алдыңғы ұшында бір клеткалы пиннулалары (бунақты өскін) бар қарапайым немесе қауырсын тәрізді қармалауыштары және кутикулалы жүгені (frenulum) орналасқан. Аталықтарының ұрық жолдарында сперматофоралар] қалыптасады. Белдеулерінде және денесінің артқы бөлімінде қарапайым тісті қылтандар метамерлі түрінде орналасқан. Френулаталардың 2 отряды бар: атеканефриялар (Athecanephrіa) және теканефриялар Thecanephrіa).

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}