Фемистокл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:24, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Themistokles.jpg
Фемистокл

Фемистокл (б.з.б. 525 – 460 ж. ш.) – Афина мемлекет қайраткері және грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500 – 499) кезіндегі қолбасшы. Фемистокл сауда-қолөнершілер тобы мен қала кедейлерінің мүддесін қорғайтын “теңіз партиясы” деп аталатын топтың көсемі болып тұрып, Афинаны теңіз державасына айналдыруға тырысты. Парсыларға қарсы жалпы гректік Қарсыласу қозғалысын ұйымдастырды, Афина флотына басшылық етті. Фемистокл Кіші Азиядағы грек қалалары мен бірлесіп 1-Афина теңіз одағын (478) құруға бастама көтерді.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}