Фастнахтшпиль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фастнахтшпиль (немісше Fastnachtspіel – дәлме-дәл, масленица ойны) – 14 – 15 ғасылардағы карнавал ойын-сауығының бір түрі. Масленица (қыспен қоштасу мейрамы) ойындары мен шерулерден, фарстардан туындаған Фастнахтшпиль сауығы күлкілі әжуаға негізделеді. Алғашында әзіл-оспақ сипатта тұрмыс көріністерін бейнелесе, 15 – 16 ғасылардан Фастнахшпильдің тақырып аясы кеңіп, көне және рыцарьлық әдебиеттің сюжеттері пайдаланыла бастады. Реформация дәуірінде сол кездегі саяси және діни күрестер тақырыбы едәуір орын алды. Фастнахтшпильдің көпшілігінде ақсүйектерді, дінбасыларды әжуалау, оған деген қарсылық рухы басым жатқанымен ішінара бюргерлік идеология шеңберінен аса алмағандары да кездеседі. Көптеген Фастнахтшпильдердің авторлары мейстерзингерлер мен қолөнершілер (Г.Розенплют, Р.Гольц) болды. Әсіресе, кезінде Г.Сакстың “Жұмақ кезген сандалбай”, “Ыстық темір” Фастнахтшпильдері кең тарады. Фастнахтшпильдің өткір сатирасы мен демократизмі ақсүйектер мен шіркеуге ұнамады. 1539 жылы Нюрнберг билеп-төстеушілері Фастнахтшпильге тыйым салды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}