Фангтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:18, 2011 ж. тамыздың 23 кезіндегі Nick jan (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Fang mask Louvre MH65-104-1.jpg
Фангтының перде

Фангтер, пангвелер, пахуиндер, фанвелер, мфангтарОрталық Африканың жергілікті тұрғындары бантулар құрамына кіретін халықтар тобы. Камерун, Габон, Конго, экваторлық Гвинеяда тұрады. Жалпы саны 3 млн. адам (2003). Фангтерге яунде, этон, булу, бене, бети, мвеле, мваэ, тсинг, баса, гбидил, нтум, т.б. жатады. Антропологиялық жағынан экваторлық нәсілге жатады. Яунде немесе эвондо, фанг немесе фанве, булу, бене, бети, мвеле тілдерінде (диалектілері көп) сөйлейді. Көпшілігі дәстүрлі (түрлі культтар) діндерді ұстанғанымен, араларында католиктер, протестанттар бар. Дәстүрлі ш. — егіншілік. Элевсина, сорго, жүгері, арахис, ямс, маниок, түрлі көкөністер өсіреді. Қолөнерінде ағаш пен сүйек өңдеу, себеттер тоқу, ұсталық, құмырашылық дамыған. Қоныстарындағы үйлер ұзына бойы орналасқан. Олардың жоспары тік бұрышты, каркасты, қабырғалары өріліп, төбесі екі не төрт жаққа қарай биік етіп көтеріледі. Белдерін ерлер қабықпен, әйелдер кепкен шөппен жауып жүрген. Көсемдері иығына леопард терісін жамылған. Дәстүрлі тағамдары көкөністерден жасалған ботқа түрлерінен тұрады. Аналық ру ұйымы, үлкен отбасылар, құпия одақтары болған. Өзіндік бай фольклоры сақталған.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

en:Beti-Pahuin#Fang fr:Fangs it:Fang nl:Fang sl:Fangi uk:Фанґ

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}