Төменгі барсхан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТӨМЕНГІ БАРСХАН – 6 – 13 ғ-ларда өмір сүрген көне қала. Байзақ ауданында орналасқан. Төменгі Барсхан туралы алғаш рет Х ғ-да өмір сүрген араб жиһанкездері Кудалы ибн Жапар мен Макдиси жазбаларында айтылады. Тараз аймағындағы ең ірі қалалардың бірі ретінде салыну жобасы жөнінен көне Таразға ұқсайды. Қаланың цитаделі, шахристаны, рабады болған. Төменгі Барсханды 1940 ж. Г.И. Пацевич зерттеді. 1956 ж. Т.Н. Сенигова археол. қазба жұмыстарын жүргізді. Қалашықтың қазіргі орнында мұсылмандар зираты тұр. <ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references /> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}