Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қордабаев Төлеубай Рақымжанұлы (12.12.1915, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы 9-ауыл – 27.4. 2000, Алматы) – ғалым, филология ғылымының докторы (1968), профессор (1970), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976). 1940 ж ҚазПИ-ді бітіріп, МХР-дің Баян-Өлгей аймағында қызмет істеді. 1946 – 93 ж. ҚазПИ-де, Қыздар педагогикалық институтында, Жоғарғы партия мектебінде, Қарағанды мемлекеттік университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі болды. Қордабаев 10-нан астам оқулық, ғылым-зерттеу еңбектер, монография жазған. Негізгі ғылым-зерттеу жұмыстары қазақ тілінің тарихи синтаксисіне, мақал-мәтел және поэзия синтаксисіне, тіл графикасы мен орфографиясына, лексикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ жалпы тіл білімі мәселелеріне арналған. Тіл тарихы мен оның құрылымдық мәселелерін зерттеген көрнекті ғалым Қордабаев “Еңбек Қызыл ту”, МХР-дің “Алтын ғадас” орденімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}