Төкен кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТӨКЕН КЕСЕНЕСІ – 20 ғасыр басындағы архитектура ескерткіші. Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылынан солтүстікке қарай 90 км қашықтықта орналасқан. 1906 ж. Төкен Айғораевтың қабірінің үстіне тұрғызылған. Кесенені жергілікті Кемпірбай деген ұста салған. Кесене төртбұрышты, бір күмбезді. Қабырғалары мен күмбезі көл. 34×17×17 см болатын шикі кірпішпен көтерілген. Қазіргі уақытта біршама жерлері бүлінген. Төкен кесенесі жергілікті мемориалды сәулет өнерінің дәстүрлерін қамтитын ескерткіш болып табылады. <ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

<references />

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}