Тәуке хан заңдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тәуке хан заңдары<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> – 16841685 жылдары Тәуке ханның реформашылдық қызметінің нәтижесінде қабылданған құқықтық нормалар жиынтығы. Тәуке хан заңдарының құрамына “Жеті жарғы”, билер сотының тәжірибесі (түйінді биліктер, шежірелер), би-батырлардың ынтымағын арттыруға және көршілес елдермен дипломатиялық және сауда-саттық қатынасты нығайтуға бағытталған жазба құжаттар кіреді. Тәуке хан заңдарындағы қылмыстық және неке нормалары шариғат негізінде түзілді. Тәуке хан заңдары елеулі өзгерістер әкелді. Хан кеңесі, билер кеңесі, жыл сайын үш жүз батыр-билерінің жиынын шақыру қалыптасты. Рулар арасындағы маңызды дау-шарлар үш жүзге танымал билердің қатысуымен шешілетін болды. Билер тобы хандықты басқаруға, заң шығаруға және соттық қызметке араласты. Барлық ру, тайпалардың ұрандары мен мал-мүлікке арналған таңбалары белгіленді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub