Тәуке хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:01, 2007 ж. ақпанның 4 кезіндегі AlefZet (Талқылауы) істеген түзету

Тәуке хан. Тәуке хан тұсында (1680-1718) Қазақ хандығының біршама күшеюі, қазақтарды қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жеріне ұмтылысын біраз бәсеңдетті. 1680 жылы олардың Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Тәуке хан отырған Түркістан қаласына жау бата алмады. Жоңғар шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың жойылып кетуінің бір себебі болды. Жоңғарлар маңызды сауда жолдарын жойды, бейбіт халық шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Ішкі талас-тартыс, Орта Азия билеушілерімен ара-қатынастың тұрақсыздығы Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайын ауырлата түсті. Хандардың арасындағы араздық, билікке, жайылым жер мен қалаларға талас, бәсеке қоғамдық-мәдени дамудың қарқынын баяулатты. Қазақстан аумағында мемлекеттілікті күшейту үшін жағдай жасауға кедергі келтірді, халықтың меншікті жерін қорғау шараларын жүргізуіне мұрша бермеді. Тәуке хан хандықтағы іштей бөлінушілікті біраз тежеп, билікті бір қолға жинап алды. Ол хан беделін көтеріп, ақсүйек бәсекесін жинап, халықты ұйымдастыра білді. Көрші елдермен тіл табысып, тату өмір сүрудің жолдарын іздестірді. Тәуке хан тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстың негізгі принциптерін анықтайтын «Жеті жарғы» заң жобасын жасады.

Үлгі:Kazakh Khans