Тұщықұдық (Маңғыстау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:08, 2016 ж. шілденің 29 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ТұщықұдықМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы – Шетпе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 85 км жерде, Бозащы түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VIII-том</ref>.

Халқы

1999 жылы ауылда 1998 адам (987 ер және 1011 әйел адам) тұрған болса, 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша ауылда 2030 адам (1013 ер және 1017 әйел адам) тұрады<ref name="source2">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>.

Тарихы

Іргесі 1973 ж. ауданда “Тұщықұдық” қаракөл қой кеңшарын құруға байланысты қаланған. 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінде кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды<ref name="source1"></ref>.

Инфрақұрылымы

Тұщықұдық ауыл маңында АқтауҚаламқас автомобиль жолы, мұнай құбыры, Еділ – Қаламқас су құбыры, жоғарғы кернеулі электр желілері өтеді<ref name="source1"></ref>.

Ескерткіштер

Округ аумағында көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Бұл өңірде Ермағанбет молда, Қойсары Сарғожаев емші, Айдар ишан, Ержан хазірет, Төлеу Қалипа, Иса, Досан, Сүйінқара батырлар, Абыл, Сәттіғұл ақындар өмір сүрген<ref name="source1"></ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері