Тұтынушы құқығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат немесе белгілі бір ұйым.

Тұтынушылардың негізгі құқықтары:

  • негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы;
  • адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;
  • өзің сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы;
  • монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;
  • өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын ескеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы;
  • сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқығы;
  • тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз