Тұтынушылар қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тұтынушылар қоғамы – тұтыну кооперациясының негізгі төменгі буыны, тұтынушылардың тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын арнаулы қоғамдық ұйым. Сауда, дайындау, өндірістік қызметі мен басқа да шаруашылық қызметін жүзеге асырады.

Тұтынушылар қоғамы өз құрылтайшыларының шешімімен құрылады. Қоғам мүшелерінің саны үшеуден кем болмайды. 16 жасқа жеткен азаматтар, заңды тұлғалар, соның ішінде тұтынушылар қоғамының мүлкі негізінде құрылған шаруашылық қоғамдары да тұтынушылар қоғамының мүшелері – үлеспұл төлеушілері бола алады. Тұтынушылар қоғамы заңды тұлғаларды тіркеу туралы Заңда белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. Заңды тұлға ретіндегі қоғам тұтынушылар қоғамы меншігінің құқық субъектісі болып табылады. Үлеспұлшылардың жарналары, кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған табыстар, ҚР заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралған мүлік, сондай-ақ заңға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі бола алмайтын мүліктің жекелеген түрлерінен басқа кез келген мүлік тұтынушылар қоғамының меншігінде болады. Үлеспұлшылардың мүшелікке кіру жарналары тұтынушылар қоғамын құруға және оның қызметін ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды өтеу үшін пайдаланылады. Мүшелікке кіру жарнасының мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі жарғыда айқындалады. Жарна үлеспұлшы қоғамнан шыққанда қайтарылмайды. Үлеспұлдық жарналар үлеспұл қорын құрайды. Тұтынушылар қоғамында үлеспұл қорынан басқа сақтық зейнетақы қорлары, арнаулы мақсаттағы қорлар, өндірістік және әлеум. даму қорлары, мүгедектерге көмек қорлары, тұрғын үй қоры, оқушылар қоры, кадрлар даярлау қоры, т.б. қорлар құрылады. Тұтынушылар қоғамының мүшелері пайда болған залалды жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін 3 ай ішінде қосымша жарна төлеу жолымен жабуға тиіс. Бұл міндеттеме орындалмаған жағдайда тұтынушылар қоғамы несиегердің талап етуі бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін. Тұтынушылар қоғамының қызметі оның жоғары органы қабылдаған жарғыда айқындалады. Тұтынушылар қоғамының жарғысында, атап айтқанда, кооператив мүшелерінің үлеспұлдық жарналарының мөлшері, кооператив мүшелерінің үлеспұлдық жарналарының құра-мы және оны төлеу тәртібі туралы; олардың үлеспұлдық жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзыреті және олардың шешім қабылдау тәртібі туралы; кооператив мүшелері келтірген зиянның орнын толтыру тәртібі туралы мәліметтер баяндалады. Тұтынушылар қоғамының жоғары органы – үлеспұлшылардың (немесе олар уәкілеттік берген тұлғалардың) жалпы жиналысы. Ол осы жиналысқа барлық үлеспұлшылардың 50%-ынан астамы қатысқанда өкілетті болып табылады және оның шешімі осынша жарнапұлшы дауыс бергенде ғана қабылданды деп есептеледі. Тұтынушылар қоғамының жарнапұлшылары тұтынушылар қоғамы. арқылы тауарлар сатып алу кезінде, жеке ш. мен кәсіпшілігінің өнімін сату, өңдеу, өткізу кезінде, сондай-ақ қоғамдар көрсететін өзге де қызметтерді пайдалану кезінде артықшылықтарға ие болады. Үлеспұлшы тұтынушылар қоғамындағы жұмысқа бірінші кезекте қабылдануға, үлеспұлшылар арасында бөлінуге тиіс пайданың бөлігін алуға, тұтынушылар қоғамының жарғысында белгіленген басқа да құқық-тарды пайдалануға құқылы. Тұтынушылар қоғамы үлеспұлшылардың шешімімен тұтынушылар қоғамы мен оның мүшелерінің қызметін үйлестіру, құқықтарын қорғау, олардың мүдделерін мемл. органдарда білдіру, ақпараттық, заңи және басқа қызметтер көрсету, сондай-ақ халықаралық кооператив қозғалысқа қатысу мақсатымен тұтынушылар қоғамының одақтарына біріге алады.

<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”,8 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұтынушылар қоғамы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}