Тұрап Айдаров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұрап Айдаров (20 қараша 1933, Сарыағаш ауданы Мұратбаев ауылы – 7 наурыз 1994, Ташкент қаласы) – ақын, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1985).
Өмірбаяны
- Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956).
- 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі
- 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>
Ғылыми жұмыстары
- 1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады.
- «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975)
- «Лингвистикалық география» (1977)
- «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии» (1991) атты ғыл. еңбектері
- «Жайнай бер, жұлдызым» (1974)
- «Қоңыр жел» (1977)
- «Ашық аспан» (1980)
- «Шие» (1981)
- «Көңіл салтанаты» (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}