Түрік ошақлары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:12, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Турік ОшақларыТүркиядағы ықпалды қоғамдық ұйым. 1912 ж. құрылған. Түріктердің отаншылдық сана-сезімін күшейтіп, елдің мәдени, экономикалық-әлеуметтік дамуына ықпал етуді, ата салты, ана тәлімін ұрпақтан-ұрпаққа дарытып, ұлттық өркениет негіздерін дәріптеуді мақсат еткен Зия Гөкалп, Юсуф Акчура, Мехмет Емін, Юрдақұл Ахмет Ағаоғлу, т.б. түркі зиялылары негізін қалаған бұл ұйымға мемлекет басшысы Ататүрік рухани қолдау көрсетті. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейін Орта Азия елдерінде, Қазан, Баку қ-ларында, Шығыс Түркістанда Турік Ошақлары-ның бөлімшелері қызмет істеді. Қазір Түркияның бірнеше уәлаяты мен ірі елді мекендерінде 50-ден аса бөлімшелер бар.
Орталық к-ті Анкарада орналасқан. Турік Ошақлары түрлі жұмыстар мен іс-шараларды: жиындар мен ғыл. мәслихаттар, фестивальдар мен байқаулар өткізуді, кітаптар мен тақырыптық журналдар шығаруды, т.б. ұйымдастырады. 1913 жылдан бері ай сайын “Түрік юрду” (Түрік жұрты) журналын, тоқсан сайын оның “Гәнчлик” (Жастық) атты қосымша басылымын шығарып келеді. Бұл басылымдар негізінен біртұтас түркі әлемінің тарихы, салт-дәстүрлері, ынтымағы мен бірлігі туралы материалдар жариялайды. 1987 жылдан бастап түркі әлеміне, ерекше еңбек сіңірген қайраткерлерге, саясаткерлерге, ғалымдар мен санаткерлерге атаулы сыйлықтар белгіледі. Мысалы, ҚР Президенті Н.Назарбаев 1999 ж. 8 маусымда Хусейн Нихал Атсыз атынд. “Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін” сыйлығының иегері болды, ядролық қару сынақтарына қарсы күрескені үшін “Невада – Семей” қозғалысының жетекшісі, ақын әрі қайраткер О.Сүлейменовке “Құрмет” сыйл. (1990) берілді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}