Түркістан өлкесіндегі атқару комитеттері делегаттарының съезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Туркістан Өлкесіндегі атқару Комитеттері Делегаттарыңыз Съезі , 1917 ж. 9 – 16 сәуір аралығында Ташкентте өтті. Оған өлкедегі облыстар мен Бұхар әмірлігінен 171 делегат қатысты. Олардың 99-ы жергілікті халық өкілдері, ал қалғандары еур. нәсілдегі ұлт өкілдері болды. Делегаттардың қатарында М.Бехбудий, С.Лапин секілді көрнекті қайраткерлер өзінің белсенділігімен танылды. Съезде Ақпан революциясынан кейінгі Ресейдің саяси құрылысы мәселесі қызу талқыланды. Бұл мәселе төңірегінде сөз сөйлеген жергілікті халық өкілдері Ресейдің болашақта федеративті респ. болуын, ұлттық аймақтардың автономия алуын жақтайтындықтарын танытты. Соған орай съезде Ресей демокр. республика болып құрылсын, жекелеген облыстарға кең көлемдегі автономия берілсін деген қаулы қабылданды. Съезде Уақытша үкіметтің Түркістан к-тінің төрағасы Н.Н. Щепкин баяндама жасап, өлкені басқару жүйесін құру алда тұрған кезек күттірмес мәселенің бірі екендігін мәлімдеді. Оның ұсынысы негізінде өлкедегі облыстарға тағайындалатын комиссарлар өз аумағында билік жүргізу функцияларын қадағалап, ондағы мәселелердің дұрыс шешілуіне тікелей жауап беретін болды. Съездің ұйғарымы бойынша Түркістан к-ті жанынан өлкедегі мәселелердің шешімін талқылайтын арнайы комиссия құрылатын болды.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}