Түркістан халық театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түркістан халық театры (Шымкент облысы) - драмалық әуесқойлар ұжымы. Драма үйірмесінің негізінде 1953 ж. құрылды, 1964 ж. халық театры атағына ие болды, Драма ұжымын ұйымдастырған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ж.Айханов, көркемдік жетекшісі М.Рысбеков (1983 жылдан), суретші Б.Бимаханбетов (1984 жылдан) болды. Алғаш сахна шымылдығын Қ.Мүхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" спектаклімен ашты. Қойылымдары: Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы", Ш.Қүсайыновтың "Біздің Ғаниі", С.Адамбековтің "Біздің үйдің жұлдыздары", Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-айы", Ш.Айтматовтың "Жәмиласы" (инсценировка бойынша), М.Байджиевтің "Жекпе-жегі", т.б. Ұжым гастрольдік сапармен Шымкент облысын аралап, өнер көрсетті. Еңбекшілер көркем өнерпаздық шығармашылығының 1-Бүкілодақтық фестивалінің (1977) және Республикалық халық театрлары байқауының (1966, 1969, 1978) лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}