Түркістан түбіндегі шайқас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Туркістан Тубіндегі Шайқас1526 ж. қыста қазақ ханы Таир мен Шайбани әулетінің өкілі Келді Мұхаммед әскерінің арасында болған ұрыс. Ташкенттің билеушісі Келді Мұхаммед пен Таир хан 1525 ж. өзара достық қарым-қатынаста болуға және қарсыластарына бірлесіп күресуге уағдаласты. Соған орай екі жақ бір-біріне өз елшілерін жіберіп тұрды. Көп ұзамай Таїир хан өз уәдесін бұзып, Келді Мұхаммед елшілерін тұтқынға алып, оның иелігіне бірнеше жорық жасады. Осы жағдай Келді Мүхаммедті көп әскермен Таїир ханға қарсы аттануға итермеледі. Келді Мұхаммед әскері мен Таїир хан әскері Түркістан қ. маңында кездесіп, шайқасқа түсті. Таїир хан әскерінің көпшілігі қырғыздардан тұратын. Ол өз әскерін сапқа тұрғызып шайқасқа кіріскенде Келді Мұхаммед оның әскерін үш жақтан қоршауға алды. Шайқас кезінде Таїир хан ауыр жарақат алып, шегінуге мәжбүр болды. Келді Мұхаммед шайқаста жеңіске жеткен соң Түркістан қ. мен оған іргелес елді мекендерді басқаруды Абдуллаї сұлтанға тапсырып, өзі Ташкентке оралды.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}