Түлен аралдары
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түлен аралдары (Тюлень аралдары, Итбалықты аралдар), Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Түпқараған түбегінен солтүстік-батысқа қарай су асты жоны ретінде созылып жатыр; аралдар – осы жонның көтеріңкі жерлері. Құлалы, Теңіздік, Балықты, т.б. аралдардан тұрады. Жалпы аумағы шамамен 130 км², көбінесе теңіз деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Негізінен оолитті құмнан, саздақты жыныстардан құралған. Шөлейт және шөлге тән өсімдіктер өседі. Итбалықтар мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Сілтемелер
<references />
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түлен аралдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}