Түйетөбе сайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:20, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Түйетөбе сайы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> – Ақтөбе қаласы маңында 1937 – 38 жылдар кеңес өкіметі ұйымдастырған жаппай қуғын-сүргін құрбандары атылған жер. 1920 – 40 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша 6 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 1 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Бұл құрбандар ішінде ұжымдастыру кезіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан Адай-Табын, Ырғыз көтерілісіне қатысқандар, әр жылдары Ақтөбе өңірінде қызмет еткендер де бар. Ақтөбе қаласы бойынша қуғын-сүргінге 1340 адам, Шалқар ауданынан 555, Табын (Байғанин) ауданынан 465, Ойылдан 260, Ырғыздан 236, Темірден 388 адам, сонымен қатар облыс жеріне жер аударылған орыс, неміс, корей, т.б. ұлттардың өкілдері де жазаға ұшыраған. 1937 – 38 жылдар “үлкен террор” кезінде ату жазасына кесілгендер Түйетөбе сайында жерленген. 1990 жылдың бас кезінде көзі тірі куәлар мен құжаттар арқылы анықталған соң, 1997 жsлы 31 мамырда Түйетөбе сайында қаралы митинг өткізіліп, кейін ескерткіш-белгі орнатылды. 1997 жылы Ақтөбе облысы бойынша 3 томдық “Қуғын-сүргін құрбандары – Жертвы репрессии” атты кітап шығарылды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түйетөбе сайы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}