Түгендеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:53, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Түгендеме, түгендеу – субъектінің теңгерімінде есептеулі мүліктің бар-жоғын‚ оның сақталуын және сақталуының дұрыстығын; міндеттемелерді; қаражат алу құқық-тарын; қойма шаруашылығының жүргізілуін‚ есеп деректерінің нақтылығын дүркіндік тексеру.

Меншіктің‚ қаржы-есеп айырысу тәртібінің сақталуын бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Түгендеме есеп беретін адамдардың қолындағы тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын жүйелі түрде бақылау үшін қажет‚ есеп берушілердің есебі мен жұмысындағы қателіктер мен бұрмалаушылықтарды анықтап‚ жоюға‚ табиғи кемудің шамасы мен нормаларын айқындауға‚ қалдықтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Белгіленген мерзімде‚ материалдық жауапты адам ауысқанда‚ дүлей апаттан кейін‚ тергеу органдарының талап етуі бойынша‚ басқа да жағдайларда жүргізіледі. Түгендеме теңгерімнің барлық баптары мен баланстан тысқары шоттарды қамтиды‚ атап айтқанда, негізгі құрал-жабдық‚ тауар-материалдық құндылықтар‚ аяқталмаған өндіріс‚ меншікті өндірімге жататын шала фабрикаттар‚ аяқталмаған күрделі құрылыс‚ аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары‚ болашақ кезеңдердің шығысы‚ ақшалай қаражат пен есеп айырысудағы қаражат тексеріледі. Кәсіпорынға тиесілі емес құндылықтар да – жалға алынған негізгі құрал-жабдық‚ жауапкершілікпен сақтауға алынған немесе өңдеуге қабылданған құндылықтар да тексерілуге тиіс. Оны тұрақты жұмыс істейтін түгендеме комиссиясы жүргізеді‚ оған сыртқы сарапшылар мен мамандар да шақырылуы мүмкін. Түгендеме комиссиясының жұмыс істеу‚ түгендемеді жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі субъектінің есеп саясатында айқындалады. Түгендеме кезінде артық шыққан негізгі құрал-жабдық‚ материалдық құндылықтар‚ ақшалай қаражат‚ басқа да артық шыққан мүлік кіріске жазылуға және оның себебі мен кінәлі адамдарды анықтай отырып‚ есепке алынуға тиіс құндылықтардың нормалар шегінде кемуі кәсіпорын басшысының өкімімен тиісінше өндіріс шығынын‚ айналыс шығынын немесе қаржыландыруды азайтуға көшірілуге тиіс‚ жетіспеушілік‚ сондай-ақ табиғи кему нормасынан тыс бүліну кінәлі адамдардың мойнына жазылады.

<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, VIII-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Түгендеме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}