Туыстық атаулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Туыстық атаулар - туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар.<ref>"Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным. (Құрастырғандар: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов). 238б., 1994. ISBN 5-7090-0195-3</ref>

Бір отбасындағы туыстық атаулар

  • Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
  • Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.
  • Әке - баласы бар ер адам
  • Ана - балалы әйел, туған шеше.
  • Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
  • Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
  • Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
  • Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
  • Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
  • Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.

Туыстық қарым-қатынастағы атаулар

  • Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
  • Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
  • Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
  • Балдыз - әйел адамдардың жасы кіші туыстары.
  • Ене - ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.
  • Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
  • Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.
  • Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
  • Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.
  • Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
  • Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).
  • Жиеншар - жиеннен туған бала.
  • Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
  • Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
  • Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
  • Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
  • Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
  • Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
  • Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әжелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
  • Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
  • Қайын жұрт - қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеу жақындығын білдіретін сөз.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақ рулары