Тоғай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:14, 2017 ж. сәуірдің 11 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Тоғайшөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу-Іле т.б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі. Тоғайдың топырағы хлорлы-сульфатты, тұзды болады. Су жайылған кезде (жылына екі рет) тұнба топырақпен жаңарып отырады. Тоғайда негізінен жиде, тал, шырғанақ, терек, шаған сияқты ағаш түрлері, бұта, аласа бұта түрлері, шөптесін өсімдіктерден эриантус, қамыс, құрақ, қоға, мия, т.б. өседі. Шу-Іле өзендер алабындағы тоғайларда қайың, тал, долана, терек, тамыратпалы ағаштар кездеседі. Тоғай ландшафтары кейде грунт суына жақын төм. жайылма үстіндегі террасаларға да тарайды. Жайылмаларды шаруашылыққа және өзен суларын егістікке пайдаланудан көптеген өзендердің алаптарында тоғайлар азайған. Тоғайларды жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шиебөрілер, қамыс мысықтары, т.б. жабайы аңдар мен құстар мекендейді. Tоғай ағашы құрылыс материалы және отын ретінде пайдаланылады. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тоғай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}