Топан су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топан су — 1) жер асты суы деңгейінің күрт көтерілуінен немесе өзен-көлдер суының (әсіресе көктем — жаз айларында) арнасынан асып кетуінің салдарынан болатын табиғи құбылыс. Оған қарсы қолданылатын шаралардың бірі — жер асты суының деңгейін түсіру (төмендету) мақсатымен ұңғымалар бұрғылап, олардан су тарту немесе жыралар мен қарықтар қазып, су астында қалған аумақтан суды кетіру; 2) өзеннің, көлдің немесе теңіздің су деңгейінің көтерілуі салдарынан аумақты су басу. Су деңгейінің көтерілуі өзен алабындағы қардың немесе мұздықтардың еруінен, жауын-шашынның мол жаууынан, мұзбөгет, желбөгет құбылысынан және т.б. туындайды. Топан су дүниежүзінің көптеген өзендерінде болып тұрады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Топан су – діни аңыздардан белгілі Нұқ Пайғамбар (ғ.с.) заманында болған, адамзат баласына келген жойқын су апаты. Нұқ пайғамбар (ғ.с.) заманында өнер, ғылым, техника өркендеп дамыды, бірақ көпшілік қауым Нұқтың (ғ.с.) үш жүз жыл бойы тәубаға келіңдер деп жасаған насихатына құлақ аспайды, аз ғана топ иманға келеді. Құдайдың әмірімен жерден су шығады, аспаннан жаңбыр құяды. Т. с-дан тек Нұқ пайғамбардың (ғ.с.) кемесіне мінгендер ғана құтылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Топан су|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

th:อุทกภัย uk:Повінь