Табылғали Сатқалиұлы Сапаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:18, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Табылғали Сатқалиұлы Сапаров 1954 жылы 7 тамызда Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының Бөрлі кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Сапаров Сәтқали Сапарұлы, марқұм, Қазақстан Компартиясы Жаңақала аудандық комитетінің бірінші хатшысы болған. Анасы - Сапарова Кенжеғаным Сарықызы, марқұм, батыр-ана. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институның зоотехника факультетін (1976) зооинженер мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебінің партиялық және кеңестік құрылыс факультетін (1990) «Партия және кеңес құрылысы» мамандығы бойынша бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1998). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Биязы жүнді- қатты жүнді аналықтарды түрлі тұқым шаруашылықтарының Ақжайық етті-жүнді қойларымен будандастырудан алынған тұқымның өнімділік және биологиялық ерекшеліктерінің өзгергіштігі». «Биязы жүнді-қатты жүнді аналықтарды Ақжайық етті- жүнді қойларымен будандастырудан алынған төлдің еттік қасиеттері» (1998), «Ақжайық етті-жүнді қойларының кроссбредтік төлінің өсу және даму ерекшеліктері» (1998) мақалаларының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1976 жылдан - Орал облысы Каменск ауданының Крупская атындағы кеңшарында №1 ферманың зоотехнигі. 1977 жылдан - Орал мемлекеттік тұқым стансасы Жаңақала филиалының аға зоотехнигі. 1979 жылдың тамызынан - Орал облысы Жаңақала ауданының Айдархан кеңшарында бас зоотехник. 1980 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің «Спутник» ХЖТБ референті. 1980 жылдың қазанынан - Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы. 1981 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Орал облысы Чапаев аудандық комитетінің бірінші хат- шысы. 1985 жылдың сәуірінен - Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы. 1985 жылдың қарашасынан - Қазақстан Компартиясы Орал облысы Приурал аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал облысы Каменск аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдан - Орал облысы Каменск аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Орал облысы Каменск аудандық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдың сәуірінен - ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі. 1995 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы бастығының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 1999 жылдан - Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылықдепартаментініңбастығы. 2001 жылдың сәуірінен - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының әкімі. 2002 жылдан - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2003 жылдан - Батыс Қазақ- стан облыстық мәслихатының хатшысы. 2007 жылдың қазанынан - Батыс Қазақстан облыстықжүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2010 жылдың тамызынан бері - Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданының әкімі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егемен, унитарлық демократиялық мемлекет». Үйленген. Жұбайы - Сапарова Жансия Қозыбағарқызы, үй шаруасында. Қыздары - Шонаева Айгүл Табылғалиқызы, Сәтқалиева Орынгүл Табылғалиқызы; ұлы - Сапаров Олжас Табылғалиұлы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub