Сорос-Қазақстан қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сорос – Қазақстан қоры – қоғамдық қайырымдылық қоры. Қор негізінің қалануы 1993 жылдан бастау алады. Сол жылдары басты офисі Нью-Йоркте орналасқан Ашық қоғам институты тарапынан Қазақстанның 183 ғалымына өз зерттеулерін жүргізу үшін қаржылай көмек көрсетілді. 1994 жылыСапар гранттары”, “Кітапханаларды қолдау”, “Мәдениет және өнер”, т.б. негізгі бағдарламалардың іргесі қаланды, гуманит. білім беру сапасын арттыру, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жобалары іске асырылды, қордың қолдауымен Қазақстан суретшілерінің каталогы басылып шықты. 1995 жылы 28 шілдеде ҚР Әділет министірлінде тіркелді. Сорос – Қақақстан қорының ең жоғары органы құрылтайшылар кеңесі болып табылады. Қордың жалпы қызметін бақылау және жұмыс бағытын, ішкі тәртіпті белгілеу міндеті бақылау кеңесіне жүктелген. Ал атқарушы директор қордың күнделікті нақты қызметіне және бақылау кеңесі қызметінің қамтамасыз етілуіне жауапты. Гранттар алу, жобаларды жүзеге асыру туралы өтініштерді қарау, бағалау және бекітумен сарапшылық корыттер айналысады. Сарапшылық корыттерді бақылау кеңесі құрады және олар кеңесші орган болып табылады. Сорос – Қақақстан қорының құрамында шетелде оқуға қатысты кеңесшілік орталық, демократиялық білім, ұлттық дебаттық, қазіргі заманғы өнер орталықтары жұмыс істейді. Қордың мақсаты – Қазақстанда демократиялық ашық қоғамның дамуына жәрдемдесу болып табылады. Осы мақсатта Сорос – Қақақстан қоры білім беру, БАҚ, адам құқықтары, әйелдер бағдарламалары, қоғамдық салауаттылықты сақтау, әлеуметтік, құқықтық және экономиялық реформалар бағытында бастамалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.

<ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Пайдаланған сілтеме

<references/> 
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сорос-Қазақстан қоры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}