Солтүстік мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу институты 1962 жылы 26 қаңтарда құрылды. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығы мен малдәрігерлігін дамытуды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Институт ғалымдары республиканың мал шаруашылығын дамытуға зор үлес қосты. Қазақтың ақбас сиыры тұқымының «Алабота» тұқыл мүйізді зауыттық типі, солтүстік қазақстандық меринос тұқымдас қойдың белдемдік «Сұлукөл» типі өсірілді. Сүт өндірісіне, шошқа шаруашылығы мен қой шаруашылығына қатысты 9 технология ұсыныс өндіріске енгізілді. 5 авторлық куәлік алынып, 5 өнертабыс ұсынылды. Ғалымдар еңбегінің нәтижесінде 6 монография, 2 ғылыми еңбектер жинағы, 187 ғылыми мақала жарық көріп, 18 ұсыныс әзірленді. Институт құрамында 182 адам, оның ішінде 56 ғылыми қызметкер, 2 ғылыми докт., 15 ғылыми канд. жұмыс істеді. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 2 ғыл. докт., 10 ғыл. канд. даярланған.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}