Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Смағұл Көшекбаев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Санат шебері: Санат:Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар → [[Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қайтыс...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Смағұл Көшекбаев (23 желтоқсан 1904, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы – 18 сәуір, 1945, Германия, Торн қаласы) – жауынгер-композитор, домбырашы, КСРО композиторлар одағының мүшесі (1938).
Мазмұны
Өмірбаяны
- Көшекбаев 12 – 13 жасында күй тартумен әуестеніп, Мұхиттың әндерін айта бастайды.
- Қазан төңкерісінен кейін ауыл мектебінде мұғалім болады.
- Қызылордадағы арнаулы мұғалімдер курсында оқыды (1932).
- 1936 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, Қазақ филармониясына домбырашылық қызметке қалдырылды.
- Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясының композиторлық курсын бітірді (1940).
- 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында еңбек еткеді.
- 1941 жылы Ащысайда халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды.
- 1942 жылы 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды.
- Германияның Торн қ. түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
Шығармалары
- “Ботагөз”
- “Жаз”
- “Май гүлі”
- “Біздің ән”
- “Дауыл”
- “Сағыныш”
- “Бригада жыры”
- “Біз келеміз”, т.б. ән-романстардың авторы.
Нотаға түсірген күйлері
Құрманғазының
- “Ертең кетем”
- “Лаушкен”
- “Повестка” күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті.
Марапаттары
- Қызыл Ту ордені.
- Қызыл Жұлдыз ордені.
- 2-дәрежелі Отан соғысы ордені.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”
ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Есте қалдыру
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы мәдениет үйіне есімі берілген.<ref>Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі</ref>