Симфония

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Симфония(Үлгі:Lang-el – үндестік) – симфоникалық оркестрде орындауға арналған күрделі циклді музыкалық шығарма.


Симфония ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, оркестрлер, т.б. үшін жазылады. Әдетте 4 бөлімнен тұрады: бірінші - сонаталық аллегро, екінші баяу лирикалық, үшінші - менуэт немесе скерцо, төртінші - көбіне рондоға ұқсас финал. Симфония эпикалық, лирикалық, драмалық, т.б. болып келеді. Кейбір Симфонияларға хор мен жеке әншілер де қатысады. 18 ғасырда Вена классикалық мектебінің композиторлары Й.Гайдн, А.Моцарт, Л.ван Бетховен симфониялық жанрдың жетілген түрлерін қалыптастырды. Сифония орыс классикалық музыкасы мен ТМД елдері музыкасында Симфония жанры ерекше дамыған жанр. Қазақ музыкасында С. жанрына үлес қосқан композиторлар: Е.Брусиловский, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, М.Қойшыбаев, Қ.Қожамияров, Қ.Мусин, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Музыкалық бөлiктер

Людвиг ван Бетховеннің № 5 симфония

Үлгі:Listen Үлгі:Listen Үлгі:Listen Үлгі:Listen

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}