Серро аконкагуа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:22, 2014 ж. желтоқсанның 28 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Серро Аконкагуа - Аргентинадағы Мендоса провинциясында орналасқан шың. Серро Аконкагуа таулы аймақтың батыс бөлігіндегі ең биік шың болып табылады. 1833 жылы неміс зерттеушісі Пол Гусфельт алғаш рет шыңға көтеріліп, бұл оқиға ресми түрде тіркелген. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, шыңның атауы ежелгі «Акон Кахуа» деген сөзден шыққан. Бұл сөз «Қарауыл тас» деген мағынаны білдіреді. Тау мен оның айналасындағы табиғи желек Аконкагуа провинциялық саябағының бір бөлігі болып табылады. Мендоса қаласындағы көптеген саяхат орталықтары Серро Аконкагуа шыңына экскурсиялар ұйымдастырады. Аконкагуа арнайы күтім мен бақылауға алынбаған. Осы немқұрайдылықтың салдарынан тауға көтерілу кезіндегі қоғамдық көлік апаттары жиі тіркеледі. Серро Аконкагуа шыңының биіктігі - 6962 м. Серро Аконкагуаны «Теко де Америка», яғни «Америка шатыры» деп те атайды. Аконкагуа «қарауыл тас» деген атпен де белгілі. Себебі бұл таудың беткейлері көп. Аталған тау 1983 жылы №4807 провинциялық заңның негізімен Аконкагуа провинциялық саябағының аумағына енгізілген. Серро Аконкагуа - Анд таулары тізбегінде бой көтерген шың.<ref>Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер