Сергей Иванович Тихонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:26, 2017 ж. наурыздың 17 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Сергей Иванович Тихонов 1957 жылы 27 қаңтарда Алматы облысының Талғар қаласында туған. Орыс.

Әкесі - Тихонов Иван Никифорович. Анасы - Тихонова (Васильева) София Апександровна. Алматы хореографиялық училищесін (1975); Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (2003) бітірген,режиссер-хореограф.

1975 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік классикалық би ансамблінің жеке балет орындаушысы. 1998-2000 жылдары - А.В. Селезнев атындағы Апматы хореографиялық училищесінің педагогы. 2001 жылдан - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстері; 2008 жылдан бері - педагог-жаттықтырушысы. Б. Аюханов , М.Э. Мурдмаа, Н. Долгушин, Б. Мягков, О. Соколов және басқа балетмейстерлердің 40-тан астам балет қойылымдарында: «Кармен-сюита», «Керуен», «Пахита», «Қылмыс пен жаза», «Эдит Пиаф», «Скифтер», «Электра», «Саломея», «Қыз-Жібек», «Қозы-Көрпеш - Баян Сұлу» және т.б. жетекші партияларды, сондай-ақ «Дон-Кихот», «Жизель», «Корсар», «Аққу көлі» және басқа балеттерден кпассикалық па-де-делерді орындаған. Концерттік нөмірлерге қатысқан (100-ге жуық): Хейфицтің «Соқыры», Дворжактың «Әуені», Великановтың «Мефистовальсы», «Ақындары», «Балбрауыны», «Ақ сисасы», «Адажиосы», Глинканың «Вальс-фантазиясы» және т.б. 1 балет және 10 концерттік нөмірдің қоюшы режиссері. ҚР Еңбек сіңірген әртісі.

Үйленген. Жұбайы - Тихонова (Авдецкая) Надежда Апександровна (1959 ж. т.). Ұлы - Тихонов Андрей Сергеевич (1979 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub