Сергей Иванович Танеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сергей Иванович Танеев(25.11.1856, Владимир,-19.06.1915, Дюдьково, қазіргі Мәскеу облысы.,Звенигород ауданы., Мәскеуде жерленді)- орыс композиторы, пианист, педагог, ғалым, музыка қоғам қайраткері. 1875 ж. Мәскеу консерваториясын (Н.Г.Рубинштейн мен П.И.Чайковскийдің класы бойынша) бітірді. 1878 жылдан осы консерваторияда ұстаздық етті. 1881 жылдан профессор, 1885-1889 ж. директоры болды. Танеев әр түрлі жанрда қалам тартты. Әсіресе полифония саласындағы зерттеу еңбегінің маңызы зор. Оның «Орестея операсы»(1895), «Иоанн Дамаскин» кантатасы (1884), 4 симфониясы, романстары, хорлары( полифония әдістерін пайдаланған) камералық ансамбльге арналған шығармалары бар. Шәкірттері: С.В.Рахманинов, А.Н.Скрябин, З.П.Палиашвили, Р.М.Глиэр, С.Н.Василенко, А.Н.Александров, А.Б.Гольденвейзер, К.Н.Игуманов, т.б.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 542 бет