Сергей Александрович Дьяченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сергей Александрович Дьяченко (18 қыркүйек 1952, Шортанды кенті, Ақмола облысы - 26 қазан 2016, Астана Қазақстан) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Саяси ғылымдардың кандидаты (1998), докторы (2003). Орыс.

Өмірбаяны

  • Куйбышев жоспарлау институтының өнеркәсіп-экономикалық факультетін бітірген (1983), экономист;
  • Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1987), саясаттанушы.
  • 1973 жылдан - РКФСР Пенза облысының Кузнецк қаласындағы Желдеткіштер және саймандар зауытында инженер-экономист.
  • 1973 жылдан - Приморск өлкесінде, Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1975 жылдан - Қазақстан ЛЖКО Шортанды аудандық комитетінің нұсқаушысы; Шортанды аудандық атқару комитетінің мәдениет бөлімінде меңгеруші, Қазақстан ЛЖКО Шортанды аудандық комитетінің бірінші хатшысы, екінші хатшысы
  • Қазақстан ЛЖКО Целиноград обкомының бірінші хатшысы, Қазақстан ЛЖКО ОК екінші хатшысы.
  • 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, сонымен қатар 1990 жылдан - Көкшетау Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
  • 1991 жылдан - жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі ҚазКСР Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары
  • 1991 жылдың қыркүйек айынан - ҚР спорт, дене шынықтыру және туризм министрінің орынбасары.
  • 1993 жылдан - «Қазақстан халықтарының бірлігі» одағы саяси кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1995 жылдың ақпан айынан - «Қазақстан халықтарының бірлігі» партиясы ОК төрағасының бірінші орынбасары.
  • 1999 жылдың наурыз айынан - «Отан» Алматы қалалық партия ұйымы төрағасының орынбасары - атқарушы директор.
  • 1999 жылдың қазан айынан - 2-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің дөпутаты.
  • 2004 жылдан - депутат, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.
  • 2010-2012 жылдары - Ақмола облысының әкімі.
  • 20 қаңтар 2012 жылғы 20 қаңтардан Қазақстан Республикасы Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Ғылыми еңбектері

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы демократиялық жаңғыру мәселелері (саяси сараптама)». Саясаттану профессоры (2008). ҚР Саяси ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті (1998 жылдан).

  • «Қазақстандағы партогенез: жағдайы, мәселөсі, болашағы» (1997)
  • «Қазіргі Қазақстандағы саяси транзит» (2001) монографияларының;
  • «Диалог со временем» (2004)
  • «В формате грядущего дня» (2006)
  • «Искусство возможного» (2008) кітаптарының;
  • сонымен қатар 300-ден ғылыми жарияланымдардың, мақалалардың, сұхбаттардың авторы.

Марапаттары

  • «Құрмет белгісі» (1981)
  • «Парасат» (2004)
  • ТМД мемлекеттері-қатысушылар ассамблеясы Парламентаралық кеңесінің «Достастық» ордені
  • I дәрежелі «Достық» (2009) ордендерімен;
  • «Ерен еңбегі үшін» (1977)
  • 5 мерейтой медальдарымен;
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасы

  • Әкесі - Дьяченко Александр Кузьмич, марқұм, жұмысшы болған. Анасы - Дьяченко Бронислава Антоновна, зейнеткер, қызметкер болған.
  • Үйленген. Жұбайы - Дьяченко Лидия Борисовна, «Астана-қалажобалау» ЖШС жетекші маманы. Қыздары - Наталья

(1972 ж. т.), Ольга (1977 ж. т.); ұлы - Олег (1977 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}