Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:10, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров (1884, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 1929, Алматы) - Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.

  • 1913 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Әйелі Мәриям – белгілі қазақ заңгері Жансұлтан Сейдалиннің қызы.
  • Жанайдаров университетті бітіргеннен кейін Ресейдің Витебск губерниясында қаржы саласының тексерушісі болып қызмет атқарған.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
  • М.Дулатов, Мұстафа Шоқай, А.Бірімжановтармен бірге Ресейдегі Ақпан, Қазан төңкерістері қарсаңында қазақ даласында етек алған ұлттық-демокр. қозғалысқа белсене араласқан.
  • 1916 жылы Витебскіден елге оралып, Атбасар қаласында салық инспекторы болып қызмет істейді.
  • 1916 жылы майдан жұмысына алынған қазақ жастарына көмек көрсету ісіне ат салысқан.
  • 1917 жылы шілдеде Орынборда өткен 1-жалпықазақ съезіне Ақмола облысынан делегат болып қатысты.
  • 1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбордағы 2-жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда үкіметі мүшелігіне сайланды.
  • 1918 жылы Ә.Бөкейхановтың жарлығымен Ақмола облысының соты болып тағайындалды.
  • Қазақ автон. республикасы құрылғаннан кейін Орынбордағы респ. қаржы халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссарының орынбасары, халық комиссары болып қызмет істеген.
  • Астана Қызылордаға көшірілгенде Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін басқарды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Алаш Орда Үлгі:Bio-stub