Саңғыл би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:41, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Саңғыл би — (т.-ө. жылдары б.) – 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген би, әулие. қоғам қайраткері, әйгілі би. Қоңырат тайпасынан шыққан. Түрік-моңғол шежірелерінде саңғыл руының ұраны “Мүлкаман” болуына қарап, кейбір зерттеушілер Саңғыл биді Мүлкаман батырдың шөбересі деп тұжырымдайды. Тарихи деректер, орыс және қазақ тіліндегі зерттеулер, шежірелер, сондай-ақ халық арасында ауызша айтылатын аңыздарға қарағанда, ол 1206 жылғы құрылтайда Шыңғысты ақкиізге көтеріп хан сайлаған қоғам қайраткерлерінің бірі болып саналады. Саңғыл би Шыңғыс ханның Хорезмге жорығына қатысқан. Жорықтан кейін өзінің қол астындағы қоңыраттармен Сыр бойында, яғни Жошы ұлысында қалған. Түркітанушы Н.А. Аристовтың монографиясында Саңғыл би турасында маңызды мәліметтер берілген. Ш.Құдайбердіұлының шежіресінде бидің аты Сенгеле деп айтылады. Би есімі проф. А.Машановтың, жазушы Қ.Салғариннің еңбектерінде Саңғыл би, Саңғылұлы деп көрсетіліп, ғұмыры мен қоғамдық қызметі нақты да молырақ қамтылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" <references/>Аристов Н.А., Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности, СПб., 1897; Құдайбердіұлы Ш., Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, А., 1991; Тарихи тұғыр, А., 1998; Көне де жаңа Созақ, А., 2004.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саңғыл би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}