Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сауменқұм"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Құмдар → Санат:Қазақстан құмдары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
10:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Сауменқұм, Сәменқұм – Бетпақдаланың солтүстік-батысындағы Сарысу маңы құмды массивінің бір бөлігі. Жетіқоңыр, Қарақойын, Мойынқұм құмдары аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ауданы 300 км². Төбешікті - қырқалы құм биіктігі 15 – 20 м. Шет аймақтарында аласарып, жазыққа ұласады. Осы тұста тұщы грунт суы жер бетіне жақын (1 – 2 м) орналасқан. Жусанды, бұталы шөл өсімдігі өседі. Жыл бойы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}