Сатай Мақсұтұлы Сыздықов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:06, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Ғалым Сатай Мақсұтұлы Сыздықов (1954 жыл 14 қаңтар, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) – тарих ғылымдарының докторы (1996), профессор (2000).
Еңбек жолы
- 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін және 1983 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген;
- 1980-95 жылдары Қарағанды кооперативтік интитутында оқытушы;
- 2002-2005 жылдары ҚазМУ-да аспирант, аға оқытушы, доцент;
- 2005-2007 жылдары ҚазҰПУ-да декан қызметтерін атқарды. ;
- 2008 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері
- Негізгі ғылыми еңбектері Түрік қағандығы, Қарахан мемлекеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, түріктердің тарихи мұрасына арналған;
- «Орталық Азияны мекендеген қарлұқтардың тарихындағы мәселелер (VII – XII ғғ.)» деген тақырыптағы докторлық диссертация;
- 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>