Сарыкөл обалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарыкөл 1, 2 — қола дәуірінен қалған обалар тобы. Сарыкөл-1, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Сарыкөл көлінің жағасында. 1947 жылы Орталық Қазақстан мұражайының этнографиялық экспедициясы, 1949 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.Черников) зерттеген. 35 обадан тұрады. Ол тас сынықтары мен топырақ үйінділерінен тұратын аласа төбешік. Биіктігі 0,5 — 2,5 метр аралығындағы 6 оба аршылған. Қазбадан адам мәйіті салынған тас қобдишалар мен өрнекті балшық құмыра табылды. Жерлеу салты қола дәуірі мен андрон мәдениеті кезеңіне жатады. Сарыкөл-2 де Сарыкөл жағасында. Ол тас үйінділерден жасалған бірнеше обадан тұрады. 1949 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Черников) зерттеу жүргізген. Қазба кезінде 6 оба 14 тас қоршау аршылған. Обадан шұңқырға қойылып, беті үлкен жалпақ тастармен жабылған мәйіттер, балшық құмыралар, темір пышақтар табылды. Оба 1 ғасырдағы сармат дәуіріне жатады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}