Сансызбай Құттыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сансызбай Құттыбаев - 1947 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды елді мекенінде туған. Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітіріп, инженер-механик, кейін Өскемен жол-құрылыс институтында оқып, инженер-экономист мамандығын алған. Еңбек жолын 1970 жылы Қызылорданың Жөндеу-механикалық зауытында қатардағы технолог, конструктор қызметтен бастаған. Жас кезінен бастап-ақ цех бастығы болып ұжым басқарды, кейіннен өнімнің сапасын бақылау, техникалық бөлімдер бастығы және осы зауыттың Бас инженері қызметін атқарды.

1980 жылы жеке шаруашылық — Жылжымалы механикалық колоннаға, 1981 — 1985 жылдары Автокомбинат кәсіпорынына басшылық жасады. 1985 жылдан бастап Қызылорда облысының Автокөлік Бірлестігінің әуелі Бас инженері, ұжым бастығы болды. Қызылорда қалалық кеңесінің депутаты, кейін облыстық кеңеске Депутат болды. 1990 жылы Алматы қаласына ауыстырылып, Қазақстан Республикасының Көлік Министріліғінің Бас Басқармасының бастығы қызметін атқарған.1997 жылы ол «Жібек жолы» акционерлік қоғамының Президенті болып сайланды. Кейін Қазақстан үкіметі Республикадағы өзіне қарасты барлық облыс, қалалар дағы 69 автотранспорт кәсіпорындарын біріктіріл, Мемлекеттік автокөлік Кәсіпорынын (РГАП) құрды. Осы үлкен құрылымға 1998 жылы Бас директор болып тағайындалды.

2004 жылы Ақтөбе қаласы Әкімнің орынбасары, 2005 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Әкімі, 2006 жылы осы облыстың Мәртөк ауданының Әкімі болып тағайындалды. 2007 жылдан Ақтөбе облыстық басқарма бастығы болып қызмет атқарды.

Алғашқы шыға бастаған (1992ж.) шежірелердің бірі «Алты ата Әлім» кітабының авторларының бірі. Кейін оның «Бұйрат», «Ақ шағыл», «Ұшан теңіз, ұлы құм »,« Қырық жол» атты төрт өлеңдер кітабы және «Ой өрімдері» атты нақыл сөздер жинағы жарық көрген. 2008 жылдың аяғында Қызылорда облысының әкімді-ғінің ұйымдастыруымен «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында 100 томдық «Сырдария кітапханасы» айдарымен шығармалары бір томдық болып жарыққа шықты.

Техника ғылымдарының кандидат, Петербургтағы Халықаралық Көлік Академиясының Академигі, Арал ауданының Құрметті азаматы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}