Салқам Жәңгір хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:41, 2011 ж. шілденің 7 кезіндегі Nick jan (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Салқам Жәңгір Туған жылы белгісіз, 1652 жылы өлген. Есім ханның үлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның түсында Батыр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап түрды. Жөңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бүхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға үмтылды. Мүның бөрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан түсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635 жылы, екіншісі — 1643-1644 жылдары, үшіншісі — 1652 жылы. 1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы түрды. Бүл үрыстың нақты нөтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның түтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып қүтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап түрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазак жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды түтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бүл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске үшыраған жоңғарлар бүл рыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бүл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бүл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның үлдары Тәуке мен Апақ сүлтандарға жүктелді. 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мүқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан кару-жарактар және оқ-дәрілер сатып алады. 1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске үшырап, Жәңгір хан қаза табады.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2 </ref>


Пайдаланған әдебиет

<references/>Үлгі:Stub:Тұлғалар {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} ru:Жангир хан