Сальвадор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

03:48, 2017 ж. сәуірдің 4 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Country

Эль Сальвадор (Үлгі:Lang-es), ресми атауы Эль Сальвадор Республикасы (Үлгі:Lang-es) — Орталық Америкада орналасқан мемлекет.

  • Жер аумағы — 21 041 км²
  • Астанасы — Сан-Сальвадор қаласы.
  • Халқы 6,5 млн. Оның ішінде — 89%-ын — метистер, 10%-ын үндістер, 1%-ын еуропалықтар құрайды.
  • Ресми тілі — испан тілі, жергілікті тілдерден нахуатль тілі кең қолданылады.
  • Діні — 75% — католиктер, қалғандары протестанттар мен жергілікті наным-сенімдерді ұстанады.
  • Мемлекет және үкімет басшысы — президент. Жоғ. заң шығарушы органы — Конституциялық ассамблея (бір палаталы парламент).
  • Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 15 қыркүйек (1821). Әкімш. жағынан 14 департаментке бөлінеді. Ақша бірлігі — колон. С. БҰҰ-ның (1945), Америка мемлекеттері Ұйымының (1948) мүшесі.

Табиғаты мен климаты

Елдің көпшілік бөлігін вулканды таулы қырат (биікт. 600 — 700 м) алып жатыр. Сөнбеген вулкандары — Санта-Ана (елдің ең биік жері, 2381 м), Сан-Висенте (2181 м), Сан-Мигель (2129 м), Исалько (1885 м). Жер сілкіністері мен жанартау атқылауы жиі болады. Ел аумағын шығыстан батысқа дейін созылып, екі вулканды тау тізбегінің арасында орналасқан орт. үстірт алып жатыр. Ірі өзені — Лемпа. Климаты тропиктік пассаттық. Жыл бойғы орташа температура 22 — 24°С (Сан-Сальвадорда), 2 — 3°С (ойпатты бөлігінде). Жылдық жауын-шашын мөлш. 1500 — 1800 мм (солт-нде 2500 мм-ге дейін), тектон. ойыстарда 600 — 700 мм. Қысқа, бірақ ағыны қатты, қуаң маусымда деңгейі төмендейтін өзендер мен вулканды көлдер көп. Жері негізінен қоңыр қызыл топырақты келеді. Тропиктік орман және бұталы алқаптан құралатын табиғи өсімдік жамылғысы шамалы сақталған. Таудың биік жағында еменді-қарағайлы орман өседі. Лемпа өз. аңғарының баурайын шөп басқан саванна мен бұталы өсімдік алып жатыр.

Жануарлар дүниесі

Сүтқоректі жануарлардан маймыл, койот, ягуар, пума, оцелотты жиі кездестіруге болады. Бауырымен жорғалаушылар ішінен — игуана мен болконстриктор бар.

Тарихы

XII ғасырға дейін ел аумағы қуатты майя империясының, кейіннен ацтектер империясының құрамында болды. 16 ғ. қарасаңында елдің батысы мен орт-на пипиль, шығысына ленка тайпалары қоныстанды. Үндістер негізінен егіншілікпен, сондай-ақ балық аулау кәсібімен шұғылданды. Еур. отаршылар С. аумағын 1523 — 28 ж. жаулап алып, жергілікті үндістерді қырып тастады. 1528 ж. олар Сан-Сальвадор және Сонсонате қ-ларының негізін қалады. Үндістер басқыншыларға қарсы талай рет көтеріліс (аса ірісі 1537 жылғы көтеріліс) жасады. Испан отаршылары бұл көтерілістерді күшпен басты. 1560 — 1821 ж. С. Гватемала ген.-капитандығының құрамына кірді. 1821 ж. С. Испаниядан өз тәуелсіздігін алды. 1823 — 1839 ж. Орт. Америка Құрама Федерациясының құрамында болды. Федерация ыдыраған соң, 1841 жылдан жеке мемлекет. 19 — 20 ғ-лардағы ел тарихы әскери төңкерістер мен соғыстарға толы. Билік әр түрлі топтарға кезек-кезек өтіп отырды. 1979 ж. билікке тағы да әскери хунта келді. Нәтижесінде 1980 — 92 ж. билік пен Ұлт азаттық майдан жауынгерлері арасында Азамат соғысы басталды. 12 жылға созылған соғыс барысында 75 мыңнан астам сальвадорлықтар қаза тауып, ел экономикасына ауыр нұқсан келді. 1992 ж. 1 ақпанда соғысушы жақтар бейбіт келісімге келіп, ел демографиялық даму жолына түсті.

Шаруашылығы

Сальвадор — аграрлы ел. Экономикасы а. ш. өнімдерін өңдеу мен өндіруге негізделген. А. ш-нда еңбекке жарамды халықтың 40%-ы жұмыс істейді, ол жалпы ішкі өнімнің 1/4-ін, валюта түсімінің 80% және өңдеуші өнеркәсіп үшін шикізаттың 3/4-ін береді. Ішкі тұтыну үшін қант құрағы, кофе, мақта, жүгері, күріш, т.б. өсіріледі. Басты экспорттық дақылы — кофе. С. әлемде кофе өндіруден 6-орынға ие. Сиыр мен шошқа өсіріледі. Ағаш дайындау және орман кәсіпшілігі (әсіресе “перу бальзамы” шайырын жинау) өркендеген. Өнеркәсібі негізінен а. ш. өнімдерін өңдеу кәсіпорындарынан құралады. Әсіресе тамақ (қант, темекі, кофе) және жеңіл (мата тоқу, киім тігу) өнеркәсіптері дамыған. Шағын мұнай өңдеу, цемент заттары, целлюлоза және металлургия кәсіпорындары, бірнеше СЭС бар. Елде күміс өндіріледі. Экономика салалары шетел капиталына (негізінен АҚШ) тәуелді. Жан басына шаққандағы ұлттық табысы 2810 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Гватемала, Венесуэла, Мексика.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Суреттер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}