Салтанат қақпасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:33, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:ArcoCostantinoRoma.jpg
Римдегі триумф аркасы

Салтанат қақпасы, триумф аркасы (Үлгі:Lang-la - жеңімпаз колбасшыны салтанатты түрде қарсы алу белгісі және arcus - доға, арка) - белгілі тарихи оқиға құрметіне (уақытша немесе тұрақты) тұрғызылатын аркалы қақпа мен еңселі мандайшадан тұратын; мүсін ескерткіштермен, рельефтер және ескерткіш жазулармен нақышталған сәулет ескерткіші. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001 </ref>

Салтанат қақпасы Ежелгі Римде жорықтан жеңіспен оралған қаһармандарды салтанатпен қарсы алу мақсатында (Римдегі Титтің, Константиннің аркалары) тұрғызылды. Осы үлгімен Париж қаласында Каррузель (1806, архитектор Ш.Перьсе, П.Фонтен) және Жүлдыздар (1806 -37, архитектор Ж.Ф. Шальгрен) алаңдарынан аркалар салынды. Салтанат қақпасы Ресей Петр заманынан бастап ұлы жеңіс құрметіне (Мәскеу қаласындағы Салтанат қақпасы 1827 - 34, архитектор О.И.Бове, 1968 жылы Кутузов даңғылында қайтадан калпына келтірілді; Санкт-Петербург қаласындағы Нарва Салтанат қақпасы, 1833, архитектор В.П. Стасов) түрғызыла бастады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}