Салалы қоқтын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:23, 2016 ж. қарашаның 4 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox

Салалы қоқтын (лат. Biebersteinia multifida)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - қазтамақтар тұқымдасы, сапиндгүлділер түрі, қоқтын туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 15-40 (50) см, сыртын түк және бездер басқан.
  • Тамыры жұмырланып жуан келген, тамыр мойнын қоңыр қабық тәрізді қабыршақ жапқан.
  • Сабағы жуан, төменгі жағы қара қоқшыл түсті, жоғарғы бөлігі бұтақталған.
  • Түкті жапырағы қандауыр тәрізді, ұзынша сүйір бөліктерге тілімделген, құба түсті бөбешік жапырақтары қабықшалы.
  • Гүлдері сабағы мен бұтақтарының бас жағында шашақты селдір гүлшоғырына топтасқан. Гүл жапырағы жұмыртқа немес желпуіш тәрізді ұлпалы тілімдерге бөлінген, жемістенген кезінде ұлғаяды. Күлтесі сары, қызғылт сары түсті, ұзындығы 5-8 мм, ұш жағы қатты тілімделген. Аталық жіпшелері жалаң немесе сирек жағдайда кірпікшелі.
  • Жемісі тықыр, сырты қатпарланған. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанда Солтүстік және Оңтүстік Үстіртте, Бозащы түбегінде, Маңғыстау тауларында, Арал маңында, Бетпақдала, Мойынқұм, [Қызылқұм (шөл)|[Қызылқұм]] шөлдерінде, Жетісу, Іле, және Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Қаратау жотасында өседі. Өсетін орны - таудың ұшар басы, тасты баурайлар, жартастар, сазды жерлер, тақыр және шөл далалар.

Дереккөздер

<references/>