Сайф Сарай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:04, 2016 ж. желтоқсанның 13 кезіндегі Sultan-balasi (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы Сайф Сарай - қыпшақ ақыны. Өмірінің соңғы кезеңін мамлюктер билігінде Мысырда өткізді. Сайф Сарайды Ә.Наджип қыпшақтардың ішінде қазақ халқының негізін құраған ру-тайпадан шыққан деп есептейді. Сайф Сарай ақын әрі ғұлама ғалым болған.

Еңбегі

Бізге жеткен ең елеулі еңбегі - бес мың жолға жуық "Түркі тіліндегі Гүлстан" атты еңбегін Египетте жазып бітті. Сайф Сарайдың қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды. Оның фотокөшірмесі Анкарада, орыс графикасы негізіндегі транскрипциясы Ташкентте басылды. Дастан қыпшақ тілінде жазылған. Негізгі бөлімі Сағидидің "Гүлстанның" еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас мегіз шайырдың ғазелдері, Сайф Сарайдың өзі жазған лирикалары, нақыл, ғақлия қолдаулары да енген. Сайф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы Қыпқшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия болғанын аңғартады.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том</ref>

Дереккөздер

<references/>