Рәшит Тұрарұлы Ыбыраев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:31, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Рәшит Тұрарұлы Ыбыраев (1948 жылы т., Т.Рысқұлов атындағы аулы) – ғалым, тарих ғылым кандидаты. 1992 – 1994 ж. халық депутаттары Шымкент облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы. Ташкент политехникалық институтын (1970), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. 1970 – 1972 ж. Гидрогеология экспедициясында инженер-механик, Алматыдағы «Қызыл ту» фирмасында инженер-конструктор, комсомол комитетінің хатшысы, 1972 – 1976 ж. Қазақстан Жастар одағы Орталық Комитеті жанындағы республикалық комсомол мектебі оқу ісінің меңгерушісі, нұсқаушысы, жауапты ұйымдастырушысы, Орталық Комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1976 – 1978 ж. Шымкент облысы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1978 – 1980 ж. Түркістан қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1980 – 1986 ж. халық депутаттары Шымкент қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1990 – 1991 ж. Шымкент облысы комитетінің екінші хатшысы, 1991 – 1992 ж. халық депутаттары Шымкент облысы Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Дереккөздер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рәшит Тұрарұлы Ыбыраев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}